Атыс пен арнайы операциядан кейінгі "Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінің кейпі – фото
Атыс пен арнайы операциядан кейінгі "Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінің кейпі – фото
Sputnik Қазақстан
Sputnik Қазақстан тілшісі "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешеніндегі 17-қабаттағы алаңды суретке түсіріп алды. Мұндағы пәтерде екі күн бұрын адамдарға оқ атып... 26.04.2021, Sputnik Қазақстан
Sputnik Қазақстан тілшісі "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешеніндегі 17-қабаттағы алаңды суретке түсіріп алды. Мұндағы пәтерде екі күн бұрын адамдарға оқ атып, өз-өзіне қол жұмсаған ер адам тұрған. Оқиға орнының қазіргі жағдайы қандай екенін материалдан көріңіз
Полиция "алматылық атқыш" тұрған пәтердің есігін арнайы сары таспамен бекітіп тастаған. Баспалдақ алаңындағы қабырғаларда атылған оқ іздері байқалады.
Еске салсақ, сенбі, 24 сәуірде қаруланған ер адам алдымен "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешені күзетшісінің аяғына оқ атты. Одан кейін ол 17-қабаттағы өз пәтеріне кіріп, бекініп алды.
Полиция 9 сағат бойы күдіктіні құрықтауға тырысты. Кейін белгілі болғандай, құқық қорғау органдарының қыметкерлері 6 сағат бойы ер адаммен келіссөз жүргізген. Полиция тіпті оның таныстарын да бұл процеске қатыстырған. Алайда ер адам ешқандай талап қоймаған және өз әрекетінің себебін де жария етпеген.
Полиция департаментінің дерегінше, құқық қорғау қызметкерлері адам өміріне қауіп төндірмейтін қаруларды (жарық-дыбысты, жарық-шулы гранаталар) қолданған.
Баспалдақ алаңына қарай шамамен 30 рет оқ атқан ер адам терезеден секіріп көз жұмды.