НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Marvel комикстерінің кейіпкері – Таносс мүсіні Алматыдағы ірі сауда үйлерінің бірінде баланың үстіне құлап кетті, деп жазды заңгер Бақытжан Базарбек Facebook-те.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Бүгін менің досым және әріптесім Жәнібек Башановтың ұлы Кәрімнің үстіне Алматыдағы "Мега орталықта" мүсін құлап кетті. Салмағы ауыр мүсінді скотчпен бекітіп қойыпты. Кәрімнің миы шайқалып, жарақат алды. Оның анасы Айсұлудың жүктілік мерізімі тоғызыншы айға кетті. Ол есеңгіреп қалды", - деді ол.
Зардап шеккен баланың әкесі жазбаның астында мүсіннің салмағы шамамен 150 килограмм болатынын жазды.
"Баланың тек миы шайқалғаны нағыз ғажайып! Айы-күні жетіп отырған жүкті әйел аффект күйінде автокөлікті де орнынан жылжыта алады. Мен кейіннен өзім де тексердім, оның салмағы 150 килограмға жуықтайды. Менің де күшім аз емес, мүсінді көтеріп көрмек болдым. Екі жағындағы қос қылыш мүсін құлаған кезде ауырлық күшін бәсеңдеткен. Сондай-ақ баланың басына мүсіннің ойығы бар тұсы дәл тиген", - деді Жәнібек Башанов.
Заңгер Бақытжан Базарбектің айтуынша, баланың ата-анасы талап арызбен сотқа арызданбақшы.
Сауда үйінің өкілдері не дейді
Marwin дүкендер желісінің бас директоры Вадим Голенко жазатайым жағдай 25 сәуір күні болғанын Sputnik Қазақстан тілшісіне мәлімдеді.
"Сауда үйіндегі кезекші дәрігер балаға дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Біз баланың ата-анасымен тұрақты байланыс орнаттық және бала сауығып кету үшін қажетті көмек көрсетуге дайынбыз. Ол қазір үйінде", - деді Голенко.
Оның айтуынша, техникалық мамандар мүсінді алып тастап, оқиғаның себебін анықтап жатыр. Сондай-ақ барлық дүкендегі осы тектес мүсіндердің көзі жойылды.
"Marwin" біздің дүкендеріміздің аумағындағы басқа да конструкцияларды тексереді", - деп түйіндеді Вадим Голенко.
17-қабаттан құлап, арбадағы нәрестені өлтірді: ер адамның кім екені анықталды
MEGA СОСҮ желісінің баспасөз қызметі болған оқиғаға қатысты қынжылыс білдіріп, MEGA балаларға арналған және ортақ қолданыстағы аумақтардағы элементтер мен конструкциялардың қаншалықты қауіпсіз орнатылғанына тәуелсіз тексеріс жүргізетінін мәлімдеді.