Қоғам

Алматы әкімінің бірінші орынбасары қызметінен кетті

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Жазылу
Қожағапанов бұған дейін де Қазақстанның мәдениет және спорт министрінің орынбасары қызметін атқарған

АЛМАТЫ, 26 сәуір – Sputnik. Алматы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов Қазақстанның мәдениет және спорт министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Тағайындау туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

"Үкімет қаулысымен Ерлан Қожағапанов Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды", – делінген хабарламада.

Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Ол Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Ресей Кеден академиясын бітірген. Мамандығы бойынша – заңгер, экономист, қаржыгер, кеден ісі маманы.

Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. 1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

1994-2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген.

2007-2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.  Одан кейін спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, футбол федерациясының президенті қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз: "Әйел еркектің еркелігі үшін жаратылды": даулы жазбадан кейін шенеунік қызметінен кетті

2016 жылдың желтоқсанынан бастап 2017 жылдың қарашасына дейін премьер-министрі кеңесшісінің міндетін атқарушы, кеңесшісі болды.

2017-2020 жылдары мәдениет және спорт вице-министрі лауазымында еңбек етті.

2020 жылдың тамызынан бастап қазірге дейін Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0