Өңірлер

36 градус ыстық болады: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

© Sputnik / Владислав ВодневНабережная. Нур-Султан.
Набережная. Нур-Султан. - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Жазылу
Республика аумағында ауа температурасы 15-26°С градусқа дейін, ал оңтүстікте 36°С-қа дейін көтеріледі, бірақ кейін күн суытады

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Синоптиктер алдағы үш күннің ауа-райына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Бас кезінде Атлантикалық циклонның әсерінен республика аумағында ауа температурасы 15-26°С градусқа дейін, ал Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 28-36°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде", - дейді мамандар.

Ал 29 сәуірге қарай солтүстік-батыс антициклонының ауытқуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Мәселен, елдің солтүстігінде түнде -3°С пен +5°С-тің аралығында болады. Күндіз 8-15 °С жылы. Ал оңтүстік өңірлерде күндіз термометр бағанасы 20-28°С-қа дейін төмендейді.

Оңтүстікте жаңбыр жауап, найзағай ойнаса, солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр мен бұршақ жауады. Қатты жел көтерілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады

 

Жаңалықтар
0