НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Қазақстанда өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды. Бір өңір "қызыл" аймақтан шықты.
25 сәуірдегі мәлімет бойынша Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары және Маңғыстау, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта қалды.
Қызылорда облысы "қызыл" аймақтан шықты – қазір бұл облыс "сары" аймақта.
"Сары" аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары тұр.
"Жасыл" аймақта екі облыс бар – Түркістан және Солтүстік Қазақстан.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда індеттің беті қайтар емес
Айта кетейік, өткен тәулікте 2800-ден астам адамнан COVID-19 анықталды, тоғыз облыста жүзден астам науқас тіркелді.