Өңірлер

Ақтөбеде такси жүргізушіні өлтіріп кетті

© Sputnik / Болат ШайхиновАрхивное фото дождя в Астане
Архивное фото дождя в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2021
Жазылу
Көлікті тексеру кезінде рөл мен поликтердегі қоңыр дақтар күдік тудырды. Кейінірек полиция қызметкерлері салоннан қанға боялған пышақ тауып алды

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Ақтөбеде екі ер адам такси жүргізушісін өлтіріп, оның көлігімен бірнеше жол апатын жасаған, деп хабарлады Polisia.kz.

Полицияға "Hyundai" автокөлігінің жүргізушісі қашықтықты сақтамай, алда келе жатқан жеңіл автокөлікпен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткені туралы хабарлама түсті.

"Бейнебақылау камераларының көмегімен аталған көліктің орналасқан жері анықталды. Патрульдік экипаждардың бірі көлікті тауып, жүргізушіден тоқтауды талап етті, бірақ ол бағынбай, қашып кетуге тырысқан. Тәртіп бұзушы қарсы жолдың қарсы бетіне шығып, "Toyota Land Cruiser-200" автокөлігімен соқтығысты", – деді Ақтөбе қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Атабаев.

Ұсталған екі ер адам мас болған, олардың біреуі 19, екіншісі 37 жаста.

Деректер базасын тексеру барысында көлік басқа адамға тиесілі екені анықталды. Сондықтан полицейлер ұсталғандарды тергей бастады. Көлікті тексеру кезінде рөл мен поликтердегі қоңыр дақтар күдік тудырды. Дақ артқы орындықтың жамылғыларында да болды, кейінірек полиция қызметкерлері салоннан қан-қан пышақ тауып алды.

Оқи отырыңыз: Шымкентте такси жүргізуші көлігінен секіріп түсіп, жолаушылардан қашып кетті

Ұсталғандардың бірі бірнеше сағат бұрын жүргізушіні өлтіріп, осы көлікті ұрлап кеткенін мойындады.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі "Адам өлтіру" және 192-бабының 3-бөлігі "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтар
0