НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір - Sputnik. Алматы облысының Панфилов ауданында "Қорғас" бақылау-өткізу бекетінде кептеліс пайда болды. Наразылық білдіргендер жолды жауып тастады, он белсенді ұсталды. Осыдан кейін көлік жүргізушілермен сөйлесу үшін Жаркент қаласының әкімі Болат Омаров келді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ол шиеленісті шеше алмады, керісінше түсініспеушілік өрши түсті.
"10 белсенді ұсталды, сондықтан адамдар Панфилов аудандық полиция бөлімшесінің алдына жиналды. "Қорғастағы" жағдайға байланысты. Жүк көліктерін өткізбейді. Видеода Жаркент қаласының әкімі Болат Шәріпұлы. Қасында аудан әкімі Талғат Өмірәлиев темекі тартып тұр", - делінген инстаграмдағы видеоға жазбада.
Видеода әкім жиналғандарға дөрекі сөйлейді.
"Әкім мырза, сізді халық сайлады ма? Халықты тыңдаңыз", - дейді жиналғандардың бірі.
"Сен сайлаған жоқсың мені!" – деп кеседі Омаров.
Болат Омаров 2020 жылдың наурызынан бері Жаркент қаласының әкімі қызметін атқарады. Ол қазақ ауылшаруашылық институтымен бірге, заң академиясының қазақ мемлекеттік қызмет институтын бітірген.