Әлем алыптарының текетіресі: АҚШ кезекті соғысқа дайын ба

© AP Photo / Kirsty Wigglesworth, FileБеспилотный американский дрон летает над аэродром Кандагар, Южный Афганистан
Беспилотный американский дрон летает над аэродром Кандагар, Южный Афганистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2021
Жазылу
АҚШ-тың есеп палатасы елдегі қарулы күштердің соғысқа дайындықтан айырылғанын мойындады. Батыстағылар Ауғанстан, Ирак және тағы басқа дамушы елдердегі соғыстарда жеңіліс табуының себебі не екенін түсінуге тырысып жатыр

Құны жылына 700 миллиард доллардан асатын АҚШ-тың әскери бюджеті де табысты кепілдендіре алмай тұр. Себебі соғыстағы жеңісті долларға сатып алу мүмкін емес.

АҚШ Есеп палатасы америкалық қарулы күштердің жауынгерлік дайындығы соңғы 20 жылда бірнеше аймақтық қақтығыстарға қатысудың салдарынан төмендеді деп мәлімдеді. Алайда соңғы 75 жыл ішінде үшінші әлем елдеріндегі Пентагонның барлық соғыстарын (1945 жылдың мамырында фашистік Германияны ортақ күш салумен жеңгеннен кейін) сәтсіз деп санауға болады.

Бақылау ведомствосының мамандары ықтимал қарсыластардың күшеюіне байланысты АҚШ-тың мінсіз әскери артықшылығы жоғалғанын алға тартады. Оның үстіне америкалық "үстемдік" теңізде, әуе кеңістігінде, ғарышта да жойылды. Айтуларына қарағанда, "жердегі" жағдай салыстырмалы түрде жақсы. Бірақ америкалық әскерлердің Ауғанстаннан тәлібтердің қысымымен шығарылуы басқаша жайтты айшықтайды.

Военнослужащие Афганистана на учениях - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2021
Тәлібтер АҚШ-тан әскерді Ауғанстаннан шығаруды талап етті
Аналитиктер ғаламшардың түрлі аймақтарына күштерді орналастыру мүмкіндіктерінің азайғанын, техникалық қызмет  көрсету қиындықтарын америкалық әскери теңіз флоты жоғары соғысқа дайындық деңгейін қалпына келтіруге басты кедергі деп атады. Сонда Пентгонның жүздеген базадан тұратын ауқымды әскери желісі қайда қалды?

Америкалық саясаткерлер ұлы державалар арасында Американың жаһанық көшбасшылығын сақтау мақсатында қарулы күштердің әлеуетін арттыруға тұрақты түрде үндеу жасап келеді. Пентагон бюджеті жылына 700 млиллиард доллардан асқалы біраз уақыт өтті. Бірақ ол ешқандай нәтиже беріп отырған жоқ. Соның бір дәлелі ретінде аса қымбат (1,5 триллион доллар) тұратын F-35 жойғыш ұшағын атауға болады. Ол әуе көлігі ресми түрде соғысқа жарамсыз деп танылды. Қосымша 715 миллиард доллар Ресей мен Қытайды ұстап тұруға бағытталған. Алайда ол ештеңені өзгерте алмайды. Себебі Мәскеу мен Бейжің қорғанысты алға жоспарлап, сапалы қару-жарақпен жабдықтауға ұмтылып отыр.

"Талибан"* террористік ұйымымен 2020 жылдың 29 ақпанында жасалған бейбіт келісімнің шарттарына сәйкес АҚШ пен НАТО әскери контингенті Ауғанстан аумағынан кетеді. Енді Ислам республикасын жер бетіндегі террористер мен джихадшылардың басты халықаралық базасына айнала ма деген қауіп еселене түсті. Ал Пентагон осының онын толтыруға тырысып, Тәжікстан, Қазақстан мен Өзбекстан аумағына әскер орналастыру бойынша келіссөздер жүргізбекші. Бұл жоспардың іске асуы екіталай.

Военнослужащий на станции постановки помех Житель - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2021
РЭК аппараттарының артықшылығы неде
Ауған елінен шыққан австралиялық профессор Амин Сайкал 21 сәуірде ASPI Strategist сайтында қызықты материал жариялады: "Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ дамушы елдерде жүргізген барлық соғыстарда іс жүзінде жеңіліске ұшырады. Бұл фиаско әлемдік державаның асимметриялық қақтығыстарды шеше алмауын бейнелейді. Қазір АҚШ өзінің бастапқы мақсаттарына жетпей бас тартып отырған соңғы соғыс - Ауғанстандағы 20 жылдық қақтығыс. Бұл қадамның Ауғанстанға, өңірге және НАТО-ның беделіне қаншалықты кері әсер еткенін бағаламауға болмайды".

Расында да америкалықтар террорист-тәлібтерді жеңе алмады және 2001 жылы уәде еткеніндей Ауғанстанды тұрақты, қауіпсіз, демократиялы елге айналдырмады. Олар өз арттарынан қираған елді қалдырып барады. Оңтүстік Вьетнам мен Ирактың да басынан дәл осы жағдай өткен еді. Профессор Сайкал АҚШ пен оның одақтастары 3502 әскери қызметшіні жоғалтқанын (оның 2 300-і америкалықтар), мыңдаған адам жарақат алғанын және соғысқа 2 триллион доллар кеткенін еске салды. Ауған халқының шығыны әлдеқайда көп - жиырма жылда қаза тапқан бейбіт тұрғындар, сарбаздар мен полицияның саны 100 мың адамнан асты. Алайда, бұдан сабақ алмаған Вашингтон бүгінде Мәскеу мен Бейжіңді соғыс құралдары арқылы "ұстап тұруға" тырысып жатыр. Ол өз аумағын Ауғанстанның қазіргі кейпіне енеді деп қорықпаса керек.

Біраз бұрын Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу АҚШ пен НАТО Ресейдің еуропалық бөлігіндегі шекараға әскер орналастырып жатқанын мәлімдеді. Негізгі күштер Қара және Балтық теңізі аймақтарына шоғырланып жатыр. Оның ішінде 40 мыңға жуық шетелдік әскери қызметші мен стратегиялық бомбалаушыларды қоса алғанда 15 мың бірлік қару-жарақ пен әскери техника бар. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мұны "ақымақ" саясат деп атады.

НАТО барлаушылары Ресей шекарасының маңында ұшуды жиілетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2021
Видео
НАТО ұшақтары Камчатка мен Қара теңіз жағалауында не істеп жүр - видео
Президент Рональд Рейганның сыртқы саяси мәселелер жөніндегі бұрынғы көмекшісі және ғалым Дуг Бэндоу 20 сәуірде The American Spectator журналында былай деп жазды: "АҚШ бірнеше "аяқталмас соғысқа" қатысты. Бірақ оның ешқайсысы елге үлкен қауіп төндірген жоқ. Себебі қарсыластардың ешқайсысы Ресей секілді конвенциялық қарулы күштері мен ауқымды ядролық әлеуеті бар әскери держава емес еді".

Соғыс қаупін бейтараптандыру бойынша Ресейің тиімді құралдары бар. Бүгінде Украинамен шекарада оқу-жаттығулар үшін "Ресейдің конвенциялық әскери бөлімшелері – 100 000 әскери қызметші, 1300 танк пен артиллериялық қару, 380 зымыран қондырғысы мен 3700 ұшқышсыз ұшу аппараты" тектен-тек орналастырылған жоқ. The American Spectator статистиканы тым әсірелеп жібергені анық байқалады. Алайда мақаланың мән-мағынасы дұрыс келтірілген: жоғары технологиялық ресейлік әскермен қақтығысатын болса, НАТО мен Пентагонның Украинадағы шығыны ауқымды болмақ.

* – Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым.

Жаңалықтар
0