Өңірлер

50 мың теңге жасырған: атыраулық блогер жауапқа тартылды - видео

CC BY-SA 4.0 / ru.wikipedia.org/Zhanna Lorde / Атырау, виды города
Атырау, виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2021
Жазылу
Блогер полицияға карантинді бұзғаны үшін түсіндірме жазды, енді барлық құжаттар санитар дәрігерлерге жіберіледі

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір - Sputnik. Instagram әлеуметтік желісінде 2,4 миллион жазылушысы бар блогер Ахон Бержан 50 мың теңге жасырғаны жөнінде хабарлама қалдырған. Алайда, полиция карантин талабын бұзғаны үшін оны жауапқа тартты.

Блогер карантин талаптарын бұзу фактісі бойынша түсіндірме жазуға мәжбүр болды. Полиция қызметкерлері бұл іс бойынша құжаттарды жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне жібереді, деп жазады "Мой город" жергілікті басылымы.

Сондай-ақ, Ахон Бержан әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабының бірінші бөлігі "Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы" бойынша жауапқа тартылғаны хабарланды.

Оқи отырыңыз: "Пранк" жасаған: Атырауда достарының қалжыңын түсінбеген дүкен иесі істі болды

Блогер қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 2 айлық көрсеткіш көлемінде (5 834 теңге) айыппұл төлейді.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін ол облыстық әкімдік маңына 50 мың теңге жасырған болатын. Бұл хабарды естіген Атырау тұрғындары жаппай ақша іздеуге шықты.

Кейін ақша іздеуді ұйымдастырған блогер карантин режимін бұзғаны үшін кешірім сұрады.

Жаңалықтар
0