АЛМАТЫ, 24 сәуір - Sputnik. Алматыдағы Бұқар жырау тұрғын үй кешенінің күзетшісін жарақаттаған қарулы адам пәтерге бекініп алып, полицияға оқ жаудыруын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қаскүнем терезеге қисынсыз үндеу жазылған плакат іліп қойды. Тәртіп сақшылары мен қарулы адамның арасындағы қақтығыс алты сағатқа жуық уақыттан бері жалғасып жатыр.
Әлеуметтік желіде үйдің тұрғындары ер адам бұған дейін де көршілеріне агрессия көрсеткенін жазды.
Қазіргі уақытта қылмыскердің талап қойғаны туралы ақпарат жоқ.
Оқиға орнында полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Қанат Таймерденов жүр, ол жағдайды бақылауда ұстап отыр.
"Бұқар жырау" тұрғын үй кешеніндегі атыс: арнайы жасақ араласты
Полиция болып жатқан жағдайға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ. Журналистерді оқиға орнына жақындатпай жатыр.