Оқиға

Алматыда қарулы адам күзетшіге оқ атқан сәттің видеосы жарияланды

CC0 / pixabay.com / Разборки, оружие
Разборки, оружие - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2021
Жазылу
Аяғына оқ тиген күзетші ауруханада жатыр, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. Желіде "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісіне оқ атқан сәттің видеосы пайда болды. Видео Qumash телеграм каналында жарияланды.

Видеодан камуфляж киген қолында мылтығы бар ер адамның күзет бекетіне келіп, күзетшімен сөйлескені анық көрінеді. Әңгіме барысында күзетші бекет ішінен сыртқа шыққан. Сол сәтте қарулы ер адам бірден аяғынан атқан.

Жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

"Аяғы жарақаттанған ер адам медицина мекемелерінің біріне жеткізілді. Жағдайы қалыпты. Қажет көмек көрсетіліп жатыр", - деп мәлімдеді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы.

Ал Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі зардап шеккен адамның жансақтау бөліміне түскенін, өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтты.

Айта кетейік, қазір Алматы полициясы пәтер ішінде жасырынған күдіктімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Алайда қарулы адам келіссөздерден бас тартты. Ол баспалдақ алаңына қарай 10-нан аса оқ атқан.

Қылмыскерді ұстау бойынша арнайы операция жалғасып жатыр.

Жаңалықтар
0