Қоғам

Алматылықтар санкцияланбаған митингке шықты – фото, видео

© Sputnik / Александр МирогловЗемельный митинг в Алматы 24 апреля
Земельный митинг в Алматы 24 апреля - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2021
Жазылу
Бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынғанына қарамастан Шоқан Уәлиханов ескерткішінің жанына 150-ге жуық адам жиналды

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Алматыда бірнеше қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың белсенділері рұқсат етілмеген митинг өткізді. Митингке келгендер Жер кодексіне енгізілген түзетулерге наразы. Олардың ойынша, өзгертулер шетелдіктерге жерді жалға беру мен сатуға мүмкіндік беруі мүмкін.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Митингті ұйымдастырушылар бұл шараны өткізу жөнінде бірнеше күн бұрын жариялаған болатын. Оларды қала әкімдігінің күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жиын өткізуге рұқсат бермеуі де тоқтата алмады.

Шара қарсаңында Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев тәртіп бұзушыларға әкімшілік шара қолданылатыны туралы ескерту жасады.

© Sputnik / Александр МирогловАлматыда санкцияланбаған митинг өтті. Наразылық білдірушілерді тұтқындау немесе биліктің белсенді әрекеті байқалған жоқ.
Алматылықтар санкцияланбаған митингке шықты – фото, видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2021
Алматыда санкцияланбаған митинг өтті. Наразылық білдірушілерді тұтқындау немесе биліктің белсенді әрекеті байқалған жоқ.

Соған қарамастан, түске таман Шоқан Уәлиханов ескерткіші алаңына қолыңа плакат ұстаған 150-ге жуық адам жиналды.

Акция басталғаннан кейін бірден қалалық прокуратураның өкілі наразылық білдірушілерге шықты. Ол митингке қатысушылардың коронавирусқа байланысты карантиндік талаптарды бұзып жатқанын айтты. Алайда жиналғандар бұған айқайлап, наразылық білдірді.  

© Sputnik / Александр МирогловАзаматтық позициясын білдіру үшін 150-ге жуық адам көшеге шықты
Алматылықтар санкцияланбаған митингке шықты – фото, видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2021
Азаматтық позициясын білдіру үшін 150-ге жуық адам көшеге шықты

Прокурор кеткеннен кейін наразылық білдірушілер сөздерін жалғастырды. Жиырмаға жуық полицей ешқандай шара қолданбай, қоғамдық тәртіпті бақылаумен болды. Олар адамдардың жолға шығып кетпеуін қадағалады.

Белсенділер шамамен бір жарым сағатқа жуық сөз сөйледі. Барлығына сөз берілді. Кейін ұйымдастырушылар Алматы әкімдігі орналасқан Республика алаңына дейін шеру ұйымдастыруды ұйғарды.

© Sputnik / Александр МирогловНаразылық білдірушілерге карантиндік талаптарды бұзғаны туралы ғана ескертілді
Алматылықтар санкцияланбаған митингке шықты – фото, видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2021
Наразылық білдірушілерге карантиндік талаптарды бұзғаны туралы ғана ескертілді

Акцияға қатысушылар Шевченко көшесімен қозғала берген бойда олардың жолын жедел әрекет ету бөлімі мен қалалық полицияның қызметкерлері кесті. Белсенділер қоршауды бұзып өтпек болғанымен, наразылық білдірушілерді "ұстап әкету" болмады.

© Sputnik / Александр МирогловТәртіп сақшылары адамдардың жолға шығып кетпеуін қадағалап тұр.
Алматылықтар санкцияланбаған митингке шықты – фото, видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2021
Тәртіп сақшылары адамдардың жолға шығып кетпеуін қадағалап тұр.

Жиналған жеріне қайта оралған олар сөздерін жалғастырды. Біраз уақыттан кейін акция ұйымдастырушылары митингті аяқтау туралы ұсыныс білдірді. Олар егер бірнеше аптадан кейін талаптары ел басшылығының құлағына жетпесе, қайтадан жиналатын болып келісті. Полицияның қадағалауымен наразылық білдірушілер тарап кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Жаңалықтар
0