Қоғам

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинАлма гүлдеген шақ
Алма гүлдеген шақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2021
Жазылу
24-26 сәуір аралығында республиканың оңтүстік бөлігінде шаңды дауыл көтеріліп, оның соңы жауын-шашынға ұласады

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Алдағы үш күн ішінде Қазақстан аумағына атлантикалық циклонның жақындауына байланысты республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Сондай-ақ, республиканың оңтүстік бөлігінде шаңды дауыл көтеріліп, оның соңы жауын-шашынға ұласады.

Оқи отырыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады

Бірқатар өңірде жаңбыр жауса, батыс облыстарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Жаңалықтар
0