НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір — Sputnik. Психолог-консультант, диетолог Мария Малышева 30 жастан кейін қандай тамақ жеуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан НТВ арнасына сілтеме жасап.
"30 жастан кейін адам ағзасында зат алмасу процесі баяулайды. Коллаген аз бөлінеді. Сол кезде асқазан жарасы, қан қысымы, атеросклероз, жүрек ұстамасы мен инсульт сияқты ауруларға шалдығу қаупі жоғарылайды", - дейді Малышева.
Маманның айтуынша, ең алдымен қуырылған тамақтан бас тарту қажет. Фри немесе қуырылған ет, жалпы, майға қуырылған кез келген тағам зиянды. Оның мөлшері аптасына төрт реттен артық болса, семіру және тағы басқа денсаулыққа аса қауіпті асқынулар болуы әбден мүмкін.
"Сосын майсыздандырылған сүт өнімдерін пайдаланбаған дұрыс. Себебі оның құрамына майдың орнына қант, канцерогендік тәттілендіргіштер, глюкоза мен фруктозаның шәрбаттарын көп қосады. Бұдан бөлек, газдалған сусындарда қант пен канцерогендік тәттілендіргіштер көп. Ал ондай сусындар қатерлік ісік, жүрек ауруы, остеопороз, Альцгеймера мен Паркинсон аурулары, эпилепсия мен ауыр эмоциялық өзгерістерге әкеліп соқтырады", - дейді Малышева.
Диетолог тазартылған көмірсулар, маргарин, сары май мен өңделген етті жемеуге кеңес беріп отыр. Бұдан бөлек, 30 жастан кейін қытырлақ картоп пен тұз қосылған өнімдерден бас тартқан жөн.