Қоғам

Желіде тараған ақпарат қазақстандықтарды алаңдатып қойды

© Photo : pixabay.comТелефон в руках подростка, иллюстративное фото
Телефон в руках подростка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Хабарламада Паркинсон, Альцгеймер аурулары иммундауға арналған препараттардың құрамындағы алюминий салдарынан пайда болатыны айтылған

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Әлеуметтік желіде қазақстандықтар вакциналар Паркинсон, Альцгеймер және Лу Гериг ауруларының дамуына себеп болуы мүмкін деген ақпарат таратып жатыр. Stopfake порталы бұл жалған мәлімет екенін жазды.

Хабарламада мұндай аурулар иммундауға арналған препараттардың құрамындағы алюминий салдарынан пайда болатыны айтылған.

Жандарбек Бекшин, архивное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2020
Қоғам
Не себепті мұндай жалған ақпарат тарағанын білмеймін – Бекшин
Алюминий адъюванты кейбір вакциналарда қолданылады. Бұл препарат құрамындағы әлсіреген патогеннің аз мөлшеріне күшті иммундық реакция тудыру үшін қажет. Мұндай адъюванттар 1930 жылдары қолданыла бастады. Сол кезден бері Паркинсон, Альцгеймер және Лу Гериг аурулары түріндегі кешіктірілген жанама әсерлер тіркелмеген.
Сонымен қатар, вакциналардың құрамындағы алюминий мөлшері рұқсат етілген нормалардан аспайды және адам денсаулығының жай-күйіне әсер ете алмайды, деп жазды Stopfake.

АҚШ-тың Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасының қаулысына сәйкес, алюминийдің тәуліктік нормасы 25 микрограммнан аспауға тиіс. Алайда бұл норма тек парентеральды тамақтану жүйесіне қосылғандарға (қоректік заттарды тікелей қанға енгізу) және емшек сүтін алмастырғыштармен қоректенетін сәбилерге қатысты. Вакцинамен алюминийдің осындай дозасын алу және оны тері астына енгізу мүмкін емес.

Күнделікті өмірде адамдар күніне 25 микрограммнан артық алюминий тұтынады. Бұл металл қара бидай мен бидай ұны, картоп, қырыққабат, баялды, қызылша, бұршақ, күріш, киви және т.б. кеңінен қолданылатын өнімдерде кездеседі.
Айта кетейік, Паркинсон, Альцгеймер және Лу Геринг аурулары егде жастағы адамдар арасында өте жиі кездеседі. Оның үстіне, Паркинсон мен Альцгеймер аурулары алюминий қосылған вакциналар мен адъюванттар ойлап табылғанға дейін анықталған және толық сипатталған.

Жаңалықтар
0