Әлем

Ресейде балалы отбасыларды қолдау шаралары күшейтілмек  

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуЗаселение многодетной семьи в новую квартиру, архивное фото
Заселение многодетной семьи в новую квартиру, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Ресей президенті қиын жағдайға тап болған, яғни табысы екі күнкөріс минимумынан төмен балалы отбасыларды тікелей қолдауды күшейтуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин пандемиядан кейінгі жаңа әлемде алғаш рет жолдау жасады. Ол өз сөзін бұрын-соңды болмаған сынақты сенімді түрде жеңуге болатыны жайлы айтудан бастады, деп жазды РИА Новости.

Адам ақша санап жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Қоғам
Он алты балаға – 186 мың теңге: қанша көпбалалы ана мемлекеттен жәрдемақы алды
Путин бүкіл әлем пандемияға еңсерілмейтін жау ретінде үреймен қараған шақта мазасызданып қана қоймай, Ресей бұл сынақты еңсере алатынына сенімді болғанын атап өтті. Осылайша ол кез келген жағдайда қиындықты жеңуге болатынын жеткізді. Себебі "біз біргеміз – біз қуаттымыз" деген қағида шындыққа айналған. Путин ел халқы барлық кезде бірліктің арқасында қиындықтарды жеңгенін ерекше атап өтті.

"Біз үшін отбасы, достық, өзара көмек, мейірімділік, тұтастық алдыңғы орынға жылжыды. Яғни бұл кейбір "прогрессивті" дарашыл азаматтар күлкіге айналдыратын құндылықтар. Бізді осы құндылықтар әлдеқайда қуатты етті. Сондықтан біз бұл құндылықтарды барлық кезде қорғаймыз", - деді Путин.

Ресейдің мемлекет басшысы осы мақсатта отбасы мен балаларды әлеуметтік қолдауға арналған жаңа шаралар қабылданатынын айтты. Бұл қолдау тұрмысы нашар азаматтар үшін дағдарыс қиынға соққандықтан енгізіліп отырған жоқ. Путин атап өткендей, бұл – Ресейдің жоғарғы ұлттық басымдылығы болатын халықтың санын арттыру үшін жасалып отыр.

Коронадағдарыс Ресейдің басты проблемасы – демографияны қиындатып жіберді. Президент елдегі демография мәселесін төтенше деп сипаттады. Сөйтті де халық санының тұрақты өсуіне ықпал ететін бірқатар шараны атады.

Бұл күрделі проблеманы шешу үшін үкімет 1 шілдеге қарай балалары бар отбасыларды қолдау жүйесін әзірлеуі керек. Мұнда отбасындағы кедейшілік мәселесін шешу керек болады. Әйтпесе ешқандай шара бала тууды ынталандырмайды.

Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2021
Экономика
Сарапшы ана капиталы жайлы: 42 мыңды әрең берген үкіметтің мұны қабылдауы екіталай
Сонымен Путин не ұсынды? Біріншіден, қиын жағдайға тап болған, яғни табысы екі күнкөріс минимумынан төмен балалы отбасыларды тікелей қолдауды күшейтуді ұсынды. Қазір қолданыстағы жеті жасқа дейінгі балаларды қолдау шараларынан бөлек, 1 шілдеден бастап толық емес отбасындағы 8-16 жастағы балалар үшін айсайынғы төлемдер енгізіледі.

Екіншіден, жұмыс істейтін балалы әйелдерге қатысты өзгеріс енгізіледі: енді жеті жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жұмысқа жарамсыздық демалысы еңбек өтіліне тәуелді болмай, табыс көлеміне қарай 100 процент төленеді.

Үшіншіден, материалдық қиын жағдайда қалған жүкті әйелдер үшін алғаш рет ай сайынғы төлемдер беріледі. Болашақ аналар үкімет тарапынан тек моральдік және медициналық емес, материалдық қолдауды да сезінуі керек.

Сондай-ақ өткен жылғы бір реттік төлемдер төлеу де жалғасады. Бұл жолы табысқа қарамастан, тамыздан бастап әрбір оқушыға он мың рубльден беріледі.

"Путин отбасы мен балаларды қолдау саясатын жүйелі түрде дамытуға тырысып жүр. Келесі жолдауларда балалар мен отбасыны әлеуметтік қолдаудың жаңа әдістері енгізілетіні сөзсіз", - деп жазды басылым.

Қазіргі басты ұлттық мақсат - Ресейде үш балалы отбасы қалыпқа айналатындай жағдайға жету. Олай болмаса төтенше демографиялық жағдайды өзгерту мүмкін емес. Бұл Ресей үшін халықаралық мәселе емес, бұл – басты проблема. Әрине халықаралық жағдай да мәз емес. Дегенмен ол Ресейдің тіршілігіне қауіп төндіріп тұрған жоқ.

Көпбалалы ана Раушан Үсейінова - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2021
Қоғам
Ақшаны "копилкаға" да жинадық: 8 баланың анасы астанадан екі пәтерді қалай алғанын айтты 
Жолдаудың сыртқы саяси бөлігі шағын болғанымен, ашық әрі эмоцияға толы болды.

"Кейбір мемлекеттер еш негізсіз барлық жайтқа Ресейді кінәлауды әдетке айналдырыпты. Кім мейлінше үлкен шу көтеретіні жайында жаңа спорт түрі ма дерсің. Біз өзімізді мейлінше сабырлы ұстап келеміз. Көп жағдайда ондай дөрекіліктерге жауап бермеуге тырысамыз. Біз халықаралық қауымдастықтағы барлық елмен достық қарым-қатынаста болуды қалаймыз. Алайда біздің сабырлығымызды әлсіздік немесе немқұрайлылық деп бағалайтындар болса, онда Ресей қатаң әрі жедел жауап бере алатынын еске салғым келеді", - деді РФ президенті.

Путин Ресейді қаралап келе жатқандарға осылай жауап берді. Ол Ресей өзінің ұлттық мүдделерін өзі ғана таңдай алатынын баса айтты.

Жаңалықтар
0