Видео

Қызғалдақтар еліндегі таңғажайып көрініс – видео

Жазылу
Нидерландыда түрлі-түсті қызғалдақ пен қалампыр, нәзік нәркес пен сүйкімді сүмбіл және басқа да гүлдер ондаған гектар жерде жайқалып өсіп, әлемді әдемілікке бояғандай

"Еуропалық бақ" деп те аталатын Кекенхоф саябағында нәркес пен орхидея, сүмбіл мен құртқашаш және қалампыр сияқты миллиондаған қызғалдақ гүл ашты.

Бүгінде көз тартатын әсем алқаптағы мұндай көрініске әлем назарын аударып, сүйсініп қарайды. Өйткені, қызғалдақтар Нидерланды елінің символына айналған.

Бұл жерде гүлдердің түрлі түске еніп, таңғажайып көріністі паш етуі – сәуірдің ортасынан мамырға дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз: Әлемдегі ең ірі батпырауық фестивалі қалай өтті – видео

Таңдай қақтырарлық гүл алқабының тамаша көрінісін видеодан тамашалаңыздар!

Жаңалықтар
0