Қоғам

Қазақстанда QazVac-пен вакциналау 26 сәуірде басталады

© Sputnik / Тимур НиталиевВ Казахстане произвели первую партию национальной вакцины от коронавируса
В Казахстане произвели первую партию национальной вакцины от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Қазақстан отандық вакцинаны әзірлеу нәтижесінде коронавирусқа қарсы өз екпесін әзірлеген әлемнің бес елінің қатарына кірді, дейді вице-премьер

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, 22 сәуірде — Sputnik. Отандық QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы "СК-Фармация" хабтары арасында бөлінеді де, ел өңірлеріне жеткізіледі. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады. Қазақстандық QazVac препаратымен вакциналау 26 сәуірде басталады.

© Sputnik / Тимур НиталиевҚазақстанда коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның алғашқы партиясы өндірілді
Қазақстанда QazVac-пен вакциналау 26 сәуірде басталады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Қазақстанда коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның алғашқы партиясы өндірілді

Келесі партия мамырда 50 мың доза көлемінде шығарылады. Одан кейін вакцина өндірісі кезең-кезеңімен айына 500-600 мың дозаға дейін ұлғайтылады.

"Қазақстандық вакцинаны әзірлеу біздің елге коронавирустық инфекцияға қарсы өз вакцинасын әзірлеген әлемнің бес елінің қатарына кіруге мүмкіндік берді. Бұл халық денсаулығына ғана қатысты мәселе емес. Бұл биофармацевтикада іс жүзінде заманауи технологияларды қолдану мен отандық ғылым әлеуетінің айғағы болып, мемлекет беделін айшықтап тұр", - деді комиссия төрағасы, үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов.

Вице-премьер мемлекет басшысының қазақстандық вакцина өндірісі ойынша барлық тапсырмасы үкіметтің жіті бақылауында екенін атап өтті. Бүгін алғашқы партияның шығарылуы ол тапсырмалардың жүзеге асып жатқанының дәлелі болып отыр.

QazVac жайлы не білеміз

Өткен жылдың қазанында президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцина әзірлеу бойынша нақты тапсырама берді. Бүгінгі күні отандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енді. Комиссиядағылар атап өткендей, препараттың толық қауіпсіздігі дәлелденген және вакцина коронавирустық инфекцияға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастырады.

© Sputnik / Тимур НиталиевҚазақстанда коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның алғашқы партиясы өндірілді
Қазақстанда QazVac-пен вакциналау 26 сәуірде басталады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Қазақстанда коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның алғашқы партиясы өндірілді

Вакцинаға бейімделген аурулар тудырмауы инактивацияланған вакцинаның артықшылығы болып отыр. Сонымен қатар QazVac вакцинасын жеткізу кезінде мұздатқыш қондырғылары қажет болмайды. Ол плюс 2-8 градус темпераурада тоңазытқышта тасымалданады.

Вакцина шығаратын зауыт салынып жатыр

Жұмыс сапары кезінде Тоғжанов Ғылыми-зерттеу институтының базасындағы биофармацевтикалық зауыт құрылысының барысымен танысты. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстары аяқталды. Монтаждау, іске қосу-реттеу және инженерлік желілерге жалғау арқылы жабдықты іске қосу жұмыстары басталды.

Осы жылдың наурызында GMP стандарттарына сәйкестігіне жүргізілген зерттеудің оң нәтижесіне (DQ) қол жеткізілді. Келесі қадам – валидация жүргізу және GMP халықаралық стандарт сертификатын алу. Осы мақсаттарға "Атабай" түрік компаниясы тартылған.

Биыл биофармацевтикалық зауыт іске қосылғаннан кейін QazVac вакцинасының өндірісі кәсіпорын базасында жалғасады.

Оқи отырыңыз: QazVac пен "Спутникті" бір айда салдырса не болады

Жаңалықтар
0