Өңірлер

Петропавлда бастығының көлігін бүлдірген бұзақының әрекеті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуТүнгі көше
Түнгі көше - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Бірнеше күн бой тасалауға тырысқан 26 жастағы қала тұрғыны мұндай қадамға масаң күйде кездейсоқ барғанын айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Петропавлда жас жігіт бұрынғы бастығының көлігіне тас атып, бүлдіріп, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Түнгі уақытта аулада тұрған автокөлікке тас лақтырған ер адам түсіп қалған видео әлеуметтік желіде тарады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК КАЗАХСТАН ❤ СКО (@skopetro)

"Көлік иесі мүлікке зиян келтіру бойынша 1 миллион теңгенің шығынын талап етіп, арызданған. Ал күдікті бірнеше күн бойы тасалап жүргенімен, жедел-іздестіру қызметінің нәтижесінде ұсталды", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Бұзақылық әрекетке барған адам 26 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындап, мұндай қадамға масаң күйде кездейсоқ барғанын айтып отыр.

Бір қызығы бүлінген көліктің иесі – күдіктінің бұрынғы бастығы болып шықты. Ол бір күн бұрын қалалық полиция басқармасына сеніп тапсырылған мүліктің ұрланғаны туралы бұзақыға қарсы арыз жазған.

"Автокөлікке зиян келтіру фактісі Қылмыстық кодекстің 202-бабы (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді", – деп түсіндірді бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.

Қазіргі кезде тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Жаңалықтар
0