Қоғам

Президент "Нұр-Сұлтан – Алматы" тас жолына қатысты тапсырма берді 

© Photo : Yelena SergiyenkoЗакат на трассе Нур-Султан - Бурабай
Закат на трассе Нур-Султан - Бурабай - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Елорданы 8 миллионнан астам тұрғыны бар оңтүстік өңірлермен байланыстыратын жол 2023 жылы пайдалануға берілуі керек

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Нұр-Сұлтан – Алматы" тас жолын жөндеу жұмыстарын екі жылдың ішінде аяқтауды тапсырды, деп хабарлады Ақорда.

"Еліміздегі жолдардың жай-күйіне келсек, "Нұр-Сұлтан – Алматы" автожолын жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмаған. Бұл жол елордамызды 8 миллионнан астам тұрғыны бар оңтүстік өңірлермен байланыстырады. Жұмыс қарқынын күшейтіп, осы жолды 2023 жылы пайдалануға беруді тапсырамын", - деді Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте.

Мемлекет басшысы жол салу және оны жөндеу жұмыстарының сапасыз атқарылып жатқанын да жеткізді.

"Менім тапсырмам бойынша үкімет пен президент әкімшілігі жол сапасына қатысты жұмысты дұрыс жүргізбегені үшін бірнеше тұлғаға қатысты кадрлық шешімдер қабылдаған болатын. Осы жұмыс үкімет пен әкімдердің тұрақты бақылауында болуы шарт. Жергілікті жердегі проблемалар мен олқылықтарды егжей-тегжейлі шешіп алуымыз қажет. Қажет болса, тиісті шенеуніктерді жазалау керек. Олай істемесек, оңтайлы нәтижеге жете алмаймыз", - деп атап өтті президент.

Оқи отырыңыз: Тоқаев көлік жүргізушілерін қуантатын жаңалықты жеткізді 

Айта кетейік, бұған дейін жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылған болатын. Ал 20 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша осы саладағы жұмыстарды және бақылауды босаңсытып алғаны үшін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С.Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шәкімов, И.Турков және Н.Қалауовтар қызметінен босатылды.

Жаңалықтар
0