Қоғам

Ескендір Хасанғалиев пен әйелі жансақтау бөлімінде жатыр

© Photo : Отбасының жеке архивіненЕскендір Хасанғалиев пен Дарико Хасанғалиева
Ескендір Хасанғалиев пен Дарико Хасанғалиева - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Біржан Хасанғалиевтің айтуынша, ата-анасының жансақтау бөліміне түскеніне төрт-бес күн болған

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр.

Жайсыз хабар туралы өнер иесінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram-да жазды.

"Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды реанимацияда жатыр. Дәрігерлердің айтқан: "жағдайы тұрақты, нашарлау жоқ" - деген сөзі көп үміт және сенім береді", - деді әншінің ұлы.
© Photo : отбасының жеке архивіненЕскендір Хасанғалиев отбасымен
Ескендір Хасанғалиев пен әйелі жансақтау бөлімінде жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Ескендір Хасанғалиев отбасымен

Ерлі-зайыпты Хасанғалиевтердің коронавирус жұқтырғаны 10 сәуірде белгілі болған еді.

Оқи отырыңыз: Ескендір Хасанғалиевпен сұхбат: өнерге қалай келгені, әндері және отбасы жайлы

 

Жаңалықтар
0