НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Көлік-логистикалық дәліздерді дамыту Ресейдің еуразиялық елдермен серіктестігі үшін сенімді негіз болады, деп мәлімеді Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин.
"Біз дәл осы өзара сыйластық негізінде әлемнің көптеген мемлекеттерімен – Азия, Латын Америкасы, Еуропа елдерімен байланыс орнатып отырмыз. ШЫҰ, БРИКС, ТМД және ҰҚШҰ бойынша одақтастармен бірізді және басымдыққа ие тәртіпте қарым-қатынасты кеңейтудеміз", – деді Владимир Путин Ресейдің Федералды жиынына арнаған жолдауында.
Оның айтуынша, ЕАЭО аясындағы Ресейдің ортақ жоспарлары экономика мен азаматтардың әл-ауқатының өсімін қамтамасыз етуге бағытталған.
"Мұнда жаңа қызықты бағыттар пайда болып жатыр. Соның бірі – көлік-логистикалық дәліздерді дамыту. Олар ауқымды еуразиялық әріптестіктің сенімді инфрақұрылымдық тірегіне айналады деп сенемін. Бұл кең әрі ашық бірлестіктің ресейлік идеялары, соның ішінде басқа да интеграциялық процестермен үйлестіру есебінен іске асырылып жатыр", – деді Ресей президенті.
Оқи отырыңыз: Владимир Путин Федералды жиналысқа жолдау жасады – видео
Путин мұны ұлттық даму мәселелерін шешуге арналған оңтайлы құрал деп атады.