НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтандағы Алматы ауданында апаттық жағдайға байланысты электр қуаты сөндірілді, деп хабарлайды "Астана-АЭК" мекемесі.
"2021 жылы 21 сәуірде сағат 12:51-де "ПНФ" қосалқы станциясындағы 112 РП-76 ұяшығы мен 3-ұяшықта апатты жағдай анықталып, электр энергиясын беру тоқтатылды", – делінген хабарламада.
Осыған байланысты Күйші Дина көшесі мен Момышұлы даңғылы, Сәтбаев көшесі, Ақ-Бұлақ шағын ауданы, Оңтүстік-шығыс мөлтекауданының оң жақ қанаты, Қордай, Сарытау, Түлкібас көшесі мен Шабыт тұйық көшесі электр қуатынан ажыратылды.
Оқи отырыңыз: Жаңа министр Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты пікір білдірді
"Астана-АЭК" кәсіпорнының хабарлауынша, арнайы бригадалар қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Жөндеу жұмыстары бүгін түстен кейінгі уақытта аяқталады деп жоспарланған.