НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады. Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы күндері антициклонның әсері еліміздің басым бөлігінде сақталады. Сондықтан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
"Биіктік жотасы республика аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай жылжып, ауа температурасының көтерілуіне ықпал етеді. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы болжанады", - деп мәлімдеді синоптиктер.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның басым бөлігінде дабылды ескерту жарияланды
Кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, кейде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың жекелеген өңірлеріне тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.