НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Каспий жағалауынан түйелердің жаппай қырылу оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
© Photo : акимат Мангистауской областиТеңіз жағалауына шығып қалған жануар өлексесі
Теңіз жағалауына шығып қалған жануар өлексесі
© Photo : акимат Мангистауской области
Ресми мәліметке сәйкес, Түпқараған ауданында "Көсе" деген жер бар. Халық арасында оны "Досханның атқорасы" деп атайды. Сол маңдағы теңіз жағасынан 20 түйенің өлексесі табылды.
"Мамандар үй жануарлары көктемнің басында суға батып кеткен деп есептейді. Содан қатты дауыл кезінде өлекселер жағаға шығып қалған болуы мүмкін", – дейді әкімдік қызметкерлері.
Қазіргі кезде аудандық әкімдік, төтенше жағдайлар бойынша облыстық департамент пен ветеринарлық станция мамандары өлекселерді жою жұмыстарын бастап кетті.