Саясат

Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Болат ШайхиновАхметжан Есімов
Ахметжан Есімов - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Есімов 2021 жылдың 29 наурызына дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы болып қызмет етті

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Ахметжан Есімов Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентінің сайты.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы шешімімен Есімов Ахметжан Смағұлұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Есімов 2017 жылғы 23 желтоқсаннан бастап – осы жылдың 29 наурызына дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы болды.

Кейіннен Қазақстанның Тұңғыш президенті Ахметжан Есімовке "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма басшысы ретіндегі қызметіне алғыс айтты.

Ахметжан Есімовтің өмірбаяны

Есімов 1950 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Әр жылдары ол премьер-министрдің орынбасары, үкімет басшысының міндетін атқарушы, президент әкімшілігінің жетекшісі, Қазақстанның Бельгия, Нидерланды, Люксембургтегі елшісі, Қазақстанның НАТО мен ЕО жанындағы миссиясының жетекшісі болды.

Оқи отырыңыз: "Адамдар арасындағы сенімсіздік күшейді": Назарбаев бейнеүндеу жасады

Ол сонымен бірге ауылшаруашылығы министрлігін басқарып, үкімет басшысының орынбасары, Алматы қаласының әкімі, "ASTANA EXPO-2017" ұлттық компаниясының басқарма басшысы қызметтерін атқарды.

Жаңалықтар
0