Әлем

Өз өмірін қатерге тіккен теміржолшының батыл әрекеті видеоға түсіп қалды

CC0 / / Илюстративті сурет
Илюстративті сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2021
Жазылу
Ер адам пойыздың жақындауына бірнеше секунд қалғанда баланы платформаға көтеріп үлгерді

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Желіде теміржолшының рельске құлаған баланы құтқару үшін өз басын қатерге тіккен сәті түскен видео тарады. Ер адамның батылдығы желі қолданушыларын тәнті етті.

Оқиға Үндістанның Мумбаи қаласындағы Вангани вокзалында болды, деп хабарлайды indianexpress.com.

Перронда анасымен бірге кетіп бара жатқан бала абайсызда рельске құлайды. Дәл осы сәтте теміржол бойымен пойыз жүйткіп келе жатқан еді.

Теміржол стансасының қызметкері Маюр Шалхе бүлдіршінді құтқаруға жүгіреді. Ер адам пойыздың жақындауына бірнеше секунд қалғанда баланы платформаға көтеріп үлгерді.

Видео интернетте жарияланғанан кейін желі қолданушылары Шалхені бүгінгі заманның қаһарманы деп атап, батылдығы үшін марапаттауды ұсынды.

Жаңалықтар
0