Оқиға

Таразда 19 жастағы жігіт балаларға оқ атты – үшеуі ауруханаға түсті

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2021
Жазылу
Оқиға Шолдала саяжай алқабында болған. 19 жастағы күдікті ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір — Sputnik. Тараз қаласында кәмелет жасқа толмаған үш балаға бытыра мылтықтан оқ атылды. Үшеуі де шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Дәрігерлер үш балаға да дереу ота жасалғанын жеткізді. Екеуі 16 жаста болса, үшіншісі 17-ге толған. Барлығы бір мектепте оқиды. Оларға 19 жастағы ер адам оқ атқан. Оқиға Шолдала саяжай алқабында болған. Полиция күдіктіні ұстады. 

"Тараз қаласының полиция басқармасына кәмелетке толмаған үш жасөспірімнің оқ-дәрі (бытыра) жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмысты жасаған күдікті ұсталып, қамауға алынды", - дейді полицейлер.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында куәгерлер "жедел жәрдем" көлігіне оқ атылғанын хабарлады

Қазіргі кезде балалардың жағдайы қалыпты. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес қылмыстық істің мән-жайын тергеу мүддесіне байланысты жариялауға болмайды, деді полицейлер.

Жаңалықтар
0