Өңірлер

Тексерушілерді жақтырмаған: Қапшағайда казино күзетшісі бақылаушыларға оқ атты

© Sputnik / Табылды КадырбековТапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2021
Жазылу
Айыпталушының кінәсі дәлелденсе, ол 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қапшағайда ойынханалардың бірін тексеруге келген мониторнигтік топ өкілдерін жақтырмаған күзетші аспанға оқ атып, бақылаушыларды қуып шығуға тырысты.

Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 18 сәуірде түнгі 23:00 шамасында болған.

Мониторингтік топ өкілдері рейд жүргізіп, казиноларды аралаған. Кезекті бір казиноның күзетшісіне бұл ұнамағандықтан, ол мониторингтік топ өкілдеріне қарсы тұрып, қарудан оқ атқан.

"Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Күзетші сол жерде ұсталып, қаруы тәркіленді. Аталған фактінің бәрі қылмыстық іс материалдарына тіркелді", – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 380-бабының үшінші бөлігі (билік өкіліне күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал бұл бапта кінәліге 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Күдікті қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың суреті казино жарнамасында жүр: баспасөз хатшысы түсініктеме берді

Жаңалықтар
0