Өңірлер

Күйеуін қызғанған: Көкшетауда әйелдер 18 жастағы қызды ұрып тастады

© Sputnik / Жоомарт УраимовЖенская драка, архивное фото
Женская драка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2021
Жазылу
Әйелдерге қатысты "Бұзақылық" қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір — Sputnik. Көкшетаудағы дәмханалардың бірінде ер адамдар туған күнін тойлап жатқан жас қыздардың жанына отырады. Күйеулерін қызғанған келіншектер қыздардың бірін соққыға жықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға Көкшетаудағы кафеде болған.

"Он сегіз жастағы жәбірленуші құрбысымен бірге дәмханада туған күнін атап өтіп отырған. Олардың жанына бейтаныс ер адамдар отырып, ілтипат танытады", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Біраз уақыттан кейін баспалдақпен төмен түсіп бара жатқан қыздардың бірін екі әйел тоқтатып, оны себепсіз ұра бастайды.

29 және 39 жастағы жергілікті тұрғындар ер адамдардың әйелдері болып шықты. 

Оқи отырыңыз: Әйеліне келген SMS-ті көріп қойған ақтөбелік сот алдынан бір-ақ шықты

"Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша алдын ала тергеу амалдары басталды", - деп хабарлады полиция.

Бұл бап бойынша айыппұл салынып, бес жылға дейін бостандығы шектеледі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Жәбірленушіге алған жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіледі.

Жаңалықтар
0