Кешеннің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстанның үкімет басшысы Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты.
Кешен ішінде Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, "ұшатын театр", ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы бар.
Оқи отырыңыз: Көне және заманауи: Түркістанда туристік кешен ашылды – видео
Түркістан қаласы облыс орталығы болған уақыттан бастап қалада құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соған сай түркі жұртының рухани астанасы туристер баратын қаланың біріне айналып жатыр.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі Түркістанда 2021 жылдың 10 сәуірінде "Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешені ашылды.
1/15
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
Түркістанда 2021 жылдың 10 сәуірінде "Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешені ашылды.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігіКешен құрылысы 2019 жылы желтоқсанда басталған.
2/15
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
Кешен құрылысы 2019 жылы желтоқсанда басталған.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі"Керуен сарай" туристік кешені инвестициялық жобаны Turkistan Tourism City компаниясы іске асырды.
3/15
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
"Керуен сарай" туристік кешені инвестициялық жобаны Turkistan Tourism City компаниясы іске асырды.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігіНысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы "Әзірет Сұлтан" мәдени қорығының буферлік аймағында 20,5 гектар аумақта орналасқан.
4/15
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
Нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы "Әзірет Сұлтан" мәдени қорығының буферлік аймағында 20,5 гектар аумақта орналасқан.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігіКешен ішінде 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.
5/15
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
Кешен ішінде 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі"Керуен сарай" туристік кешеніне Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, "ұшатын театр", ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен дүкендер кіреді.
6/15
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
"Керуен сарай" туристік кешеніне Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, "ұшатын театр", ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен дүкендер кіреді.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігіКешеннің ашылу салтанатында судағы "қайық шеруі" театрландырылған шоуы өтті.
7/15
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
Кешеннің ашылу салтанатында судағы "қайық шеруі" театрландырылған шоуы өтті.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі"Керуен-сарай" кешенінің ашылу салтанатына Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ инвестор компанияның өкілі Қуанышбек Құдайберген қатысты.
8/15
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
"Керуен-сарай" кешенінің ашылу салтанатына Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ инвестор компанияның өкілі Қуанышбек Құдайберген қатысты.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігіКешен ішін қайықпен аралауға болады. Тұрғындар бұл кешенді "Қазақстандағы Венеция" деп атап жүр.
9/15
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
Кешен ішін қайықпен аралауға болады. Тұрғындар бұл кешенді "Қазақстандағы Венеция" деп атап жүр.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігіКешен ішінде ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр жұмыс істеп тұр.
10/15
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
Кешен ішінде ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр жұмыс істеп тұр.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі"Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешенінің ашылу салтанаты.
11/15
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
"Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешенінің ашылу салтанаты.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігіТүркістанға барып жаңа туристік кешенді аралап жүргендердің қарасы қалың. Оның арасында жергілікті тұрғындар мен өзге өңірлерден келгендер бар.
12/15
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
Түркістанға барып жаңа туристік кешенді аралап жүргендердің қарасы қалың. Оның арасында жергілікті тұрғындар мен өзге өңірлерден келгендер бар.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі"Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешенінің ішінде сауда орындарымен қатар қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы бар.
13/15
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
"Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешенінің ішінде сауда орындарымен қатар қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы бар.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігіКешеннің ортасында алып кеме бар. Оны жергілікті тұрғындар "Кеме қалған" деп атап кетті.
14/15
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
Кешеннің ортасында алып кеме бар. Оны жергілікті тұрғындар "Кеме қалған" деп атап кетті.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігіТүркі жұртының рухани астанасы саналатын Түркістан қаласы облыс орталығы болған үш жылға жуық уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болды. Бүгінде қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді.
15/15
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
Түркі жұртының рухани астанасы саналатын Түркістан қаласы облыс орталығы болған үш жылға жуық уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болды. Бүгінде қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді.