Қоғам

Танымал қазақстандық актриса дүниеден озды

© Sputnik / Абзал КалиевГвоздики
Гвоздики - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2021
Жазылу
Ғазиза Әбдінәбиева театр және кинода көптеген рөлдерді шебер сомдады

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір — Sputnik. 73 жасында танымал театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды.

"Әріптестерімізге, отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Алла сабыр берсін, алдынан жарылқасын", - делінген Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының хабарламасында.

Ғазиза Әбдінәбиева 1948 жылдың 3 желтоқсанында Қызылорда облысында дүниеге келген.

1970 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін бітірді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері өмірден озды

1969-1993 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып қызмет атқарған.

1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы болып сахнада түрлі образдарымен елді таңдантып, тамсантқан еді.

1994 жылдан Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында актерлік шеберлік мамандығынан дәріс оқиды.

Жаңалықтар
0