НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Сәуір ресейлік-америкалық қарым-қатынастың айналасында неше түрлі жаңалықтар жария болған "қызыққа толы" ай болды, деп жазды РИА Новости.
Біресе достың, біресе дұшпанның кейпіне еніп отырған мұндай жағдайда Путин не істеуі керек? Байденнің ұсынысын қабыл алуы қажет пе?
Қазір келіссөздер орыстарға қарағанда америкалықтарға аса қажет секілді көрінеді. Сондықтан Байден өзінің түрлі бағыттағы әрекеттері арқылы Путинді кездесуге, "саммитке қатысуға мәжбүрлеп отыр".
Америкалықтар расында да "жоқ" деген жауап алғанды, келіссөздер жүргізуге келіспегенді аса ұнатпайды. Мысалы, Иран мен КХДР көп уақыттан бері осы қағиданы ұстанып келеді. Солтүстік Корея АҚШ-тың дұшпандық әрекеттерінен кейін және өз тараптарына қатысты санкцияларды жеңілдету бойынша әрекет болмағандықтан бір жылдан бері америкалықтармен қандай да бір байланысқа бармай отыр. Мұнда карантиндік шектеулер еш себеп емес. Ирандықтар америкалықтармен келіссөздер жүргізуден бірнеше рет бас тартты. Бұл бірқатар елдермен қарым-қатынаста дұрыс әдіс.
Мұнда мәселе тіпті Путиннің кездесу туралы Байденге бірінші болып ұсыныс жасағанында емес. Ал қазір Ресей мүддесі қандай? Конфронтацияны жеңілдету туралы Америкамен келісу ме? Өңірдегі маңызды проблемалардың бірі – Таяу Шығыс, Ауғанстан, ирандық ядролық мәміле, КХДР зымыран-ядролық бағдарламасы бойынша ортақ мәмілеге келу ме? Украина бағытында америкалықтар үшін тыйым салу ма?
Америкалықтармен "Солтүстік ағын-2" жобасы туралы келісімге келу ме? Мүмкін емес. Оның үстіне еуропалықтар өз мүдделерін талап етуде жан салмай жатқан уақытта мұның қажеті де шамалы.
Украина ма? Мұнда ешқандай келісім жайлы сөз болмауы керек. Себебі Ресейді Украинаны атлантизациялаумен мазақ ету Вашингтон үшін жақсылықпен аяқталмайтынын америкалықтар түсінуі керек.
Байденмен Қытай жайын талқылау ма? АҚШ президентінің Қытай Ресей үшін де қауіпті екені мұны Брежнев жақсы түсінгені (өзі ешқашан Брежневпен кездеспесе де) туралы әңгімелерін тыңдау үшін бе?
Бұл проблемалардың барлығы маңыздылығына қарамастан Байденмен кездесуге себеп бола алмайды. Адами қызығушылық әлдеқайда маңызды: Путин үшін бұл бесінші америкалық президент. Қалай болғанда да әлемдік аренадағы практикалық жұмыстар үшін адамның мінез-құлқы мен өзін ұстауын жеке кездесу кезінде танып-білу маңызды.
Ресей ХХІ ғасырдың әлемдік жүйесін қалыптастыруға қатысуға үміттеніп қана қоймай, ол іспен белсенді түрде айналысып жатыр. Ресей көпполярлы әлемнің жаңа қаңқасын қалыптастырып жатыр. Бұл бағдардағы жұмыстарды Қытаймен бірлесіп жүргізіп жатқаны жасырын емес. Себебі қос державаның мүдделері мен ойы бір жерден шығып жатыр.
Байденнің "Ресей Американың ісіне араласып жатыр" деген сөзі шындық. Ресей расында да "АҚШ-тың мүдделеріне кедергі келтіріп отыр". Бірақ мұнда сөз жаһандық мүдде жайында, олардың өз өздерін әлем билеушісі етіп тағайындауында. Алайда осы рөлді АҚШ тиісті деңгейде атқарып жүргені шамалы.