НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір - Sputnik. Орал қаласының тұрғыны әйелін пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды жергілікті mgorod.kz басылымы.
Жәбірленуші ауруханаға шұғыл жеткізілгенімен, ол көп ұзамай қайтыс болды. Ал күдікті сағат 17.00 шамасында Абай даңғылындағы Мұз сарайы маңында тұтқындалды.
"Қазіргі кезде Орал өңірінде ауыр қылмыс жасаған күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның анық-қанығы нақтыланғаннан кейін қосымша ақпараттар жариялаймыз", – дейді полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Бисенов.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысының тұрғыны 21 жастағы әйелін шарфпен тұншықтырып өлтіріп, денесін құдыққа тастап жіберген. Тергеу шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде оның күйеуі ұсталған.
Оқи отырыңыз: ШҚО-да қайтыс болған баланың көршілері күдікті туралы айтып берді
Кейіннен полицейлер марқұмның күйеуімен ажырасуға әркеттенгенін анықтады.