Өңірлер

Атырауда ақпанда жоғалған жігіттің мәйіті контейнерден табылды

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2021
Жазылу
Атырау облысындағы Талқайран ауылының тұрғыны осыдан екі жарым ай бұрын үйден шығып кетіп, қайта оралмаған

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір — Sputnik. Атырауда 6 ақпанда із-түзсіз жоғалған 29 жастағы Наурыз Айтекешовтің мәйіті табылды, деп хабарлады Atpress.kz.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мәйіт 17 сәуірде сағат 13:00 шамасында Атырау-Индер тасжолына жақын маңдағы Талқайран ауылы шаруа қожалығының контейнерінен табылды.

"Марқұмның денесінде жарақат іздері жоқ. Мәйіт қалалық мәйітханаға тапсырылды", - дейді тәртіп сақшылары.

Із-түзсіз жоғалып кеткен қызды өлтірген жеңгесі болып шықты

Айта кетейік, Талқайран ауылының тұрғыны осыдан екі жарым ай бұрын үйден кетіп, қайта оралмаған. Осы уақыт ішінде оны туыстарынан бөлек еріктілер, полиция және шұғыл көмек қызметінің мамандары іздеді.

Жаңалықтар
0