Өңірлер

Қазақстан мен Ресей шекарасы маңындағы Көптоғай ауылында не болып жатыр

© Sputnik / Галина Кмит / Фотобанкке өтуШекара бағаны
Шекара бағаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Шекара қызметі екі ел арасындағы қоршауды орнату жұмыстары заңға сай жүргізіліп жатқанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Атырау және ресейлік Астрахан облысының шекарасында шекара қоршауларын орнату жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында Қазақстан мен Ресей шекарасында жаңа шекаралық қоршау салу жұмыстары 14 сәуірде басталған.

"Шекара маңындағы Көптоғай ауылының кейбір тұрғындары жүргізіліп жатқан жұмыстарға қанағаттанбайтынын айтып, жағдайды түсіндіруді сұрады. Ал біз 13 сәуірде Көптоғай ауылының тұрғындарына жүргізіліп жатқан жұмыстардың заңдылығы туралы түсіндірме әңгімелер өткізгенбіз. Ол жерде шекара қызметі мен құқық қорғау органдарының өкілдері де болған", – дейді Құманғазы ауданының әкімі Марат Мұрзиев.

Сонымен қатар, шекара қызметінің өкілдері 2013 жылдың мамыр айында №23 және №24 шекара белгілері арасында орнатылған темір қоршаулар Ресей аумағына қарай 10-70 метрге дейін енетінін атап өткен.

Қазіргі кезде Ресей Федерациясының аумағында орналасқан ұзындығы 1 800 метр қоршауды тұрғызу үшін инженерлік жұмыстар Көптоғай ауылының маңында жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Желіде Атырау облысындағы "қақтығыстың" видеосы тарады – ҰҚК түсініктеме берді

Айта кетейік, 2005 жылғы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған "Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісімі" бойынша екі ел арасында шекара белдеуі орнатылуда. Ал демаркациялық жұмыстар әлі аяқталған жоқ.

Шекара аумағында жаңа қоршаулар тұрғызу жұмыстарын "2016" әскери бөлімі жүргізуде.

Жаңалықтар
0