Оқиға

Бүкіл отбасы үйде болған: Нұр-Сұлтанда 22 жастағы қыз он бірінші қабаттан секіріп кетті

© PhotoҚыз терезеде отыр, иллюстративті сурет
Қыз терезеде отыр, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2021
Жазылу
Трагедия Сарыарқа даңғылының бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында 22 жастағы қыз он бірінші қабаттан секіріп кетті. Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Силуэт женщины, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2021
Қоғам
Қарағандылық әйел үйдің терезесінен секіріп кетті: оқиғаның мән-жайы
Қайғылы оқиға 17 сәуірде болды. Таңғы 08.10-да полицияға Сарыарқа даңғылы бойында қыз терезеден құлағаны туралы хабар түскен.

"22 жастағы тұрғын 11-ші қабаттың терезесінен секіріп кеткені анықталды. Қыз оқиға орнында көз жұмды. Трагедия болған сәтте отбасы мүшелері үйде болған", - делінген хабарламада.

Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0