Оқиға

Ақмола облысында ер адам қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті – қорқынышты видео

© Photo : CC0 / Free-PhotosСарқырама
Сарқырама - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2021
Жазылу
Куәгерлердің айтуынша, әкесі мен қызы суретке түспек болғанда, сарқырамаға құлап кеткен. Бүтін бір отбасы үшін табиғат аясындағы серуен қайғылы аяқтала жаздады

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Желіде сарқырама маңында өзеннің қатты ағысы ер адамды баламен бірге ағызып бара жатқаны түсірілген видео тарады. Оқиға Ақмола облысында болған.

Кадрдан ересек адамның баланы кеудесіне қысып, судың ортасындағы тасқа жармасқаны байқалады.

Айналадағы адамдар жанұшыра айқайлап жатыр. Болжам бойынша, бұл Ақмола облысы Зеренді ауданындағы сарқырама.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🄽🄴🅆🅂 Новости Кокшетау (@kokshetauasia)

"Әкесі қызымен бірге сарқырама алдында суретке түспек болған. Анасы мен айналадағы адамдар оны райынан қайтаруға тырысты, бірақ еш нәтиже шықпады. Қыз тастан құлап кетті, әкесі артынан секірді. Екеуі де судан шығарылды", - деп мәлімдеді куәгерлер.

Зеренді ауданының әкімдігі хабарлағандай, 16.35-те аудандық ауруханаға Көкшетауда тұратын 2015 жылғы бала түсті. Ол жеңіл-желпі жарақат алған. Дәрігерлер медициналық көмек көрсеткеннен кейін, ол үйіне жіберілді.

Жаңалықтар
0