Әлем

Пандемия Жапонияда қазақтар қауымдастығын құруға себеп болды

© AFP 2024 / Kazuhiro NogiЛюди любуются цветущей вишней в Токио
Люди любуются цветущей вишней в Токио - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2021
Жазылу
Қазіргі кезде Жапонияда 200-ге жуық қазақстандық тұрады. Бұдан бөлек, Қытай, Өзбекстан мен Моңғолиядан келген этникалық қазақтар бар

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Жапониядағы Қазақстан елшілігінде алғаш рет қазақтар қауымдастығының құрылтай жиналысы өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

"Жапонияда осы іспетті алғашқы қоғамдық ұйымды құрудың негізгі мақсаты – Қазақстан азаматтары мен этникалық қазақтарды біріктіру, өзара байланыс пен қолдау шараларын жүргізу", - делінген ресми хабарламада.

Елшіліктің мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде Жапонияда 191 Қазақстан азаматы тұрады. Бұдан бөлек, Қытай, Өзбекстан мен Моңғолиядан келген 70 этникалық қазақ  бар. Біреулер жұмыс істесе, енді бірулер білім алып жүр. 

Құрылтай жиналыста ұйым басшысы сайланды. Осы қызметті Juntendo университетінің клиникасында хирург болып істейтін Әбдібек Қалыбек атқаратын болды. Оның айтуынша, Жапониядағы қазақтар қауымдастығы іскерлік байланыстарды дамытып, мәдени-гуманитарлық жобаларды да іске асырады.

Ал елші Ерлан Баударбек-Қожатаев қауымдастықты құру идеясы қалай пайда болғанын еске алды.

"Коронавирус пандемиясы өршіп кеткенде Жапонияда тұратын отандастарымыз Қазақстанға гуманитарлық көмек жасаймыз деп, біріге бастады. Сол кезде қазақтар қауымдастығын құру бастамасы көтерілді", - дейді Баударбек-Қожатаев. 

Құрылтай жиналыс барысында Жапониядағы қазақтар қауымдастығы мен "Отандастар" қоғамдық қоры арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, 2018 жылы Жапонияда қазақстандық студенттердің қауымдастығы құрылған болатын.

Жаңалықтар
0