Қоғам

Тоқаев Есенғали Раушановтың отбасына көңіл айтты

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Президент ақынның өр рухты өлеңдері мен поэмалары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын Есенғали Раушановтың қазасына байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Жеделхатты президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады. Көңіл айту хатында мемлекет басшысы ақынның ширек ғасыр "Жазушы" баспасының директоры қызметін атқарғанын ерекше атады.

"Есенғали Әбдіжаппарұлы бірқатар газет-журналдарда қызмет жасап, рухани-мәдени саланың өркендеуіне үлес қосты. Ширек ғасырдай уақыт бойы "Жазушы" баспасының директоры болып, қазақ әдебиетінің құнды дүниелерінің жарыққа шығып, халыққа кең таралуы жолында мол еңбек сіңірді. Ақын ретінде қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Өр рухты өлеңдері мен поэмалары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", - делінген жеделхатта.

Айта кетейік, 16 сәуірде ақын, жазушы Есенғали Раушанов 64 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Ақын 2005 жылы "Құрмет" ордені, 2017 жылы "Парасат" орденімен марапатталған.

2006 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Жаңалықтар
0