Өңірлер

Ақтөбеде 44 жастағы әйел жүк көлігінің астына түсті

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуЖүк көлігі, архивтегі сурет
Жүк көлігі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2021
Жазылу
Жүк көлігін Түркияның алпыс жастағы азаматы жүргізген, жол апатына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Ақтөбеде шетел азаматы жүк көлігімен 44 жастағы әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 14 сәуір түнгі ондар шамасында болды.

"IVECO" көлігінің рөлінде Түркияның 60 жастағы азаматы отырған.

Жүргізуші Заречный-1 кентіндегі Оңтүстік айналма жолы бойымен келе жатып, жолды кесіп өтпек болған Заречный кентінің 44 жастағы тұрғынын қағып кетті.

"Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші жансақтау бөліміне түсті. Алайда 15 сәуір күні көз жұмды", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Қарағанды облысында жол апатынан полицей көз жұмды

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл бапта белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айыра отырып, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Полиция департаментінің мәліметінше, жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын жол апатына, негізінен, адамдардың жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуі, бағдаршамның тыйым салатын сигналына, жақын келе жатқан көліктің алдына шығып кетуі себеп болады.

Жаңалықтар
0