Қоғам

Қазақстанда карантин күшейтілді – бүгіннен бастап жаңа қаулы күшіне енді

© Sputnik / Владислав ВодневНұрлы жол вокзалы, архивтегі сурет
Нұрлы жол вокзалы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2021
Жазылу
Әуежайлар мен теміржолдарда карантиндік талаптар күшейтілді, көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы бүгіннен бастап күшіне енді

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанда "қызыл" аймақта орналасқан өңірлерде жолаушыларды шығарып салушылар мен күтіп алушылар әуежай мен теміржол вокзалына кіргізілмейді.

Тиісті қаулыға көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жанар Оразалина қол қойды.

Оған сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұрған өңірлерде әуежай мен теміржол вокзалы ғимараттарында жолаушыларды күтіп алушылар мен шығарып салушыларды кіргізуге шектеу енгізіледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

15 сәуірдегі жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары орналасқан.

"Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.

"Жасыл" аймақта: Қостанай және Түркістан облыстары.

Жаңалықтар
0