Өңірлер

Қазақстанның бір облысы "жасыл" аймаққа өтті

© Sputnik / Владислав ВодневКарантин, иллюстративті сурет
Карантин, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2021
Жазылу
Коронавирустың "қызыл" аймағында әлі сегіз өңір тұр, Қазақстанның өзі де қауіпті аймақта орналасқан

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Қостанай облысы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан "жасылға" ауысты.

14 сәуірдегі жағдай бойынша республика өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары орналасқан.

"Жасыл" аймаққа Шығыс Қазақстан, Қостанай және Түркістан облыстары кірді.

Айта кетсек, бұған дейін Қостанай облысы "сары" аймақта болған еді.

Тағы оқыңыз: Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың саны жарияланды

Қазақстанның өзі әлі "қызыл" аймақта тұр.

Өткен тәулікте елде 2 229 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Індетке шалдыққандардың ең көбі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында және Алматы ​​облысында тіркелді.

Жаңалықтар
0