Қоғам

Дәрігер коронавирусқа қарсы вакцинаның қандай жанама әсері болатынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевВакцина "Спутник V"
Вакцина Спутник V - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2021
Жазылу
Вакцина салынғаннан кейін үш күн ішінде дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, астения байқалып, бұлшықеттер, буын сырқырап, жүрек айнуы ықтимал

АЛМАТЫ, 14 сәуір – Sputnik. Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова вакцинаның қандай жанама әсері болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Вакцинадан кейін жанама әсер жалпы және жергілікті сипатта болуы мүмкін. Вакцина салынғаннан кейін үш күн ішінде дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, астения (ағзаның жалпы әлсіздігі) байқалып, бұлшықеттер, буын сырқырап, жүрек айнуы ықтимал. Жергілікті ауырсыну – ине салған жердің ауыруы, ісінуі. Уақыт өте келе олар басылады. Яғни, коронавирусқа қарсы вакцинаның өзіндік ерекше белгілері жоқ", - деді Қалықова.

Оқи отырыңыз: Мамин президентке ай сайын 2 миллион адамға вакцина салынатынын айтты 

Егер аталған жалпы жанама әсерден басқа да аурушаңдық байқалса, дәрігерге қаралу керек.

"Өз денсаулығын ойлайтын адам жоғарыда аталған аурушаңдық белгілерінен басқа да жағдайға тап болса, дәрігерге хабарлауы керек. Мұндай жағдайда өзіне екпенің бірінші не екінші компоненті егілгенін міндетті түрде айтқаны жөн", - деді ол.

Айта кетейік, Алматыда сәуірде 13 күн ішінде 8 311 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Әсел Қалықованың айтуынша, кейінгі 14 күнде 15-19 жастағы жасөспірімдер,  20-39 жастағы азаматтар арасында сырқаттанушылық деңгейі төмендеген. 40-59 жастағы азаматтар арасында инфекция жұқтыру деңгейі бірқалыпты. 60 жастан асқан адамдар арасында науқастар саны 4%-ке артқан.

Жаңалықтар
0