Қоғам

Жастардың сүйікті кітабы жаңа форматта қайта басылып шықты

© Photo : издательство "Фолиант"В издательстве "Фолиант" состоялась презентация переизданного романа народного писателя Казахстана, лауреата Государственной премии Азильхана Нуршаихова "Махаббат, қызық мол жылдар"
В издательстве Фолиант состоялась презентация переизданного романа народного писателя Казахстана, лауреата Государственной премии Азильхана Нуршаихова Махаббат, қызық мол жылдар - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2021
Жазылу
Жақын арада Әзілхан Нұршайықовтың танымал туындысының орыс тіліндегі нұсқасы жарық көреді

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат, қызық мол жылдар" романы жаңа форматта қайта басылып шықты.

Қайта басылған кітаптың тұсаукесері "Фолиант" баспасында өтті. Шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, журналист Қайсар Әлім, актерлер Ермек Тұрғанбек, Нарқыз Айдарова, қала тұрғындары қатысты.

© Photo : издательство "Фолиант""Фолиант" баспасында халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың қайта басылып шыққан "Махаббат, қызық мол жылдар" романының тұсаукесері өтті.
Жастардың сүйікті кітабы жаңа форматта қайта басылып шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2021
"Фолиант" баспасында халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың қайта басылып шыққан "Махаббат, қызық мол жылдар" романының тұсаукесері өтті.

Аталмыш роман тұңғыш рет 1970 жылы жарық көрген болатын. Шығарма екі жастың арасындағы махаббат туралы баяндайды. Автор соғыстан он екі мүшесі түгел келген жас солдаттың өмірі, ойларын жасырмай, көпшілікке паш етеді.

"Фолиант" баспасының бас редакторы Фарида Тобашалова кітап мұқабасына телехикая кадры арқау болғанын айтты.

"Бұл шығарманың киелілігі – оқырманды өзіне баурап алуында. Сондай-ақ аталмыш романның орыс тіліндегі нұсқасы баспамыздан жақын арада жарыққа шығатынын атап өткім келеді. Осы орайда, әкесінің шығармашылығына бейжай қарамай, кітапты баспаға дайындау барысындағы туындаған сұрақтарға, кітап дизайнына қатысты мәселелерде барынша белсенділік танытқаны үшін қызы Жаннат Әзілханқызына алғысымыз шексіз", – деп атап өтті.

Қалың оқырманның сүйікті шығармасына айналған, жас ұрпақты адал махаббатқа, шынайы достық пен сертіне берік болуға тәрбиелейтін аталмыш романды баспа жазушының 100 жылдық мерейтойына арнап шығарды.

Естеріңізге салсақ, Qazaqstan ұлттық арнасының тапсырысымен MG Prodution plus компаниясы туынды сюжеті бойынша телехикая ұсынды. Жоба Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған болатын.

Әзілхан Нұршайықовтың биографиясы

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында дүниеге келген.

14 жасында поэзиямен айналысып, өлең жаза бастады. Оның алғашқы өлеңдері 1938 жылы Семейдің облыстық "Екпінді" газетінде жарияланған.

Жас ақын Семей қаласындағы Абай атындағы қазақ педагогикалық училищесінде, содан кейін сол жердегі Н. Крупская атындағы педагогикалық институтта оқып, Жарма ауданындағы орта мектепте мұғалім болып жұмыс  істеген.

1941-1945 жылдар арасында қызыл армия қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін аяқтаған.

Әр жылдарда "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде бөлім меңгерушісі, "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Павлодар облыстық "Қызыл ту" газетінде редактор, республикалық "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактор, "Қазақ кеңес энциклопедиясында" тіл, әдебиет, фольклор редакциясының меңгерушісі, Қазақ КСР Ғылым академиясы М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болып жемісті қызмет еткен.

Көп жылдар бойы Қазақстан жазушылар одағында проза кеңесі мен жас әдебиетшілер кеңесінің төрағасы болып келді.

Алғашқы очерк, әңгімелер жинағы "Алыстағы ауданда" деген атпен 1956 жылы жарық көрген.

60-жылдардан бастап көркем проза жанрында сүбелі еңбек етті.

Қаламгердің қаламынан туған "Махаббат жыры", "Тоғыз толғау", "Автопортрет", "Махаббат, қызық мол жылдар", "Ақиқат пен аңыз", "Екі естелік", "Жамбылға хат", "Менің замандастарым", "Қаламгер және оның достары", "Мәңгілік махаббат жыры" сияқты кітаптары оқырман қауым мен сыншылардан жоғары бағасын алған.

Қазақстанның халық жазушысы 2011 жылы дүниеден озды.

Жаңалықтар
0