Оқиға

Ақтөбе облысында мас жүргізушінің кесірінен жолаушы көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневПьяный водитель за рулем, иллюстративное фото
Пьяный водитель за рулем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2021
Жазылу
Жол апаты салдарынан жүргізуші мен 28 жастағы жолаушы түрлі жарақатпен Мұғалжар ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысында мас жүргізуші жол апатын жасап, салдарынан жолаушы қаза тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

12 сәуір күні таңертең Темір ауданының тұрғыны, "Лада-Ларгус" автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Кеңқияқ кентінің жанындағы облыстық маңызы бар "Покровка-Жаңажол" автожолының 89 шақырымында рөлге ие бола алмай,  аударылып кеткен.

Алматы облысында мас жүргізуші қаққан оқушы қыздардың тағы біреуі көз жұмды

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен 28 жастағы жолаушы түрлі жарақатпен Мұғалжар ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Жолаушы алған жарақатынан келесі күні медициналық мекемеде қайтыс болды.

Жүргізуші көлік құралын "орташа" дәрежеде мас болып жүргізгені анықталды.  

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

"Апта сайын мас және басқа да ережелерді бұзатын жүргізушілерді анықтау бойынша түнгі рейдтер өткізіледі. Әдетте демалыс және мереке күндері патрульдік полиция күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады", – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жол апатына кінәлі жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жыл басынан бері облыста мас жүргізушілер екі рет жол апатын жасаған және облыс жолдарында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 37 жүргізуші ұсталды.

Жаңалықтар
0