Оқиға

Түрмеден шығып тағы екі адамды өлтірген қылмыскер сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевҚарақшылық, иллюстративті фото
Қарақшылық, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2021
Жазылу
Сараптама нәтижесі ер адамның қылмыс жасаған сәтте ақыл-есінің дұрыс болғанын және салқынқандылық танытқанын растады

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Қостанай облысының тұрғыны кісі өлтірген кезекті қылмысы үшін қалған өмірін абақтыда өткізетін болды, деп хабарлайды жергілікті "Алау" басылымы.

Ер адам 2020 жылдың мамырында бостандыққа шыққан. Ол екі адамның өліміне қатысты қылмысы үшін 20 жылға сотталған болатын.

Айыпталушы абақтыдан шыққан соң екі айдан кейін тағы да аса ауыр қылмыс жасаған. 2020 жылдың тамызында 53 жастағы Рудный тұрғыны мен Э.С-ның ортақ танысы кездейсоқ кездесіп қалып, оларды спирттік ішімдік ішу үшін үйіне алып келеді. Ал рудныйлық азамат 43 жастағы әйелімен бірге тұрған.

Э.С. мен үй иелерінің ортақ танысы ол үйден кетіп қалған. Отырыстан кейін үй иесі мен қонақ арасында жанжал шығып, айыпталушы Рудный тұрғынының кеуде тұсына бірнеше рет пышақ салған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ал үйдегі әйелді сабырға шақыру үшін басқа бөлмеге алып барған.

"Ол әйелдің масаң күйде әрі болған оқиғадан есеңгіреп отырғанын пайдаланып, онымен сексуалды байланысқа түскен. Содан кейін оның күйеуінің өлімін жасыру мақсатында әйелдің мойын тұсына пышақпен бірнеше рет соққы жасаған. Әйел қылмыс орнында қайтыс болған", – деді судья.

Кейіннен марқұмдарды көршілерді тауып алған. Ал кісі өліміне күдікті екі күннен соң қолға түсті.

Сараптама ер адамның ақыл-есі дұрыс екенін, қылмыс жасау кезінде салқынқандылық танытқанын растады.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда прокурордың орынбасарын қағып өлтірген такси жүргізуші сотталмайды

Сот 41 жастағы Э.С-ны екі адамның өліміне кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жаңалықтар
0