Қоғам

Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

© Sputnik / Тимур БатыршинАғаш гүлдеген шақ
Ағаш гүлдеген шақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2021
Жазылу
Ауа райын болжау орталығының қызметкерлері республиканың екі облысында дабылды ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Республиканың басым бөлігінде бұлтты ауа-райы қалыптасып, ауа температурасының біртіндеп көтерілуі болжанды, деп хабалайды "Қазгидромет" орталығы.

Тек, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа-райы тұрақсыз болып, жаңбыр жауып найзағай ойнайды.

"Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік пен оңтүстік-батыс аймақта шаңды дауыл болады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ситоптиктер екі облыста дабылды ескерту жариялады: Жамбыл облысында – секундына 15-20 метрге дейін жел тұрып, шаң көтерілсе, Қарағанды ​​облысында – тұман қаптап, солтүстік-шығыста секундына 15-20 метр дейін жел соғады.

Жаңалықтар
0