Саясат

Қазақстан ЕҚЫҰ-мен тығыз ықпалдастықты нығайта түсуге дайын – Тоқаев

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев принял министра иностранных дел Швеции Анн Линде
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев принял министра иностранных дел Швеции Анн Линде - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2021
Жазылу
Президент Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қағидаттары мен құндылықтарына бейіл екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев швед дипломатына ілтипат білдіріп, оның елімізге жасаған сапары ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде де, Швецияның сыртқы саяси ведомствосының басшысы тұрғысынан да өте маңызды екенін атап өтті.

"Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қағидаттары мен құндылықтарына бейіл екенін айтқым келеді. Сіз басқарып отырған Ұйыммен арадағы ынтымақтастық – сыртқы саясаттағы басымдықтарымыздың бірі. Біз аталған Ұйыммен де, оған мүше мемлекеттермен де арадағы тығыз ықпалдастықты нығайта түсуге дайынбыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ-ның тарихи саммитінің қорытындылары Ұйымның дамуына тың серпін бергенін және оның аса маңызды екенін атап өтті.

Президент екіжақты байланыстардың перспективаларын талқылау барысында Қазақстанның Швециямен арадағы өзара ықпалдастықты экономикалық және гуманитарлық салаларға баса мән бере отырып, одан әрі нығайтуды көздейтініне тоқталды.

© Sputnik / Владислав ВодневШвецияның сыртқы істер министрі Анн Линде
Қазақстан ЕҚЫҰ-мен тығыз ықпалдастықты нығайта түсуге дайын – Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2021
Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линде

Ал Анн Линде Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс білдіріп, ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретіндегі осы сапарының өзі үшін маңызды екенін жеткізді.

"ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарға зор мән беретінімізді атап өткім келеді", – деді Швецияның сыртқы істер министрі.

Анн Линде Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы лауазымындағы өз жұмысының алғашқы қорытындылары, алдағы жұмыстары, оның ішінде, Орталық Азия бағытындағы жұмыс жоспарлары туралы мәлімет берді.

Әңгімелесу барысында Ванкуверден Владивостокқа дейінгі Еуропа мен Еуразияның ауқымды кеңістігіндегі қауіпсіздіктің сын-қатерлері мен тәуекелдері талқыланды. Сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның алдында тұрған әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адамзаттық сияқты үш өлшемдегі міндетті жүзеге асыру жолдары бойынша пікір алмасты.

Жаңалықтар
0