Өңірлер

Петропавлда 22 жастағы қыз тоғыз күннен бері табылмай жатыр

© REUTERS / SOE ZEYA TUNҚыздың сұлбасы
Қыздың сұлбасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2021
Жазылу
Іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылды, қыздың белгілері көрсетілген қағаздар қала көшелеріне ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Петропавлда полицейлер мен еріктілер тоғыз күн бұрын жоғалып кеткен 22 жастағы қызды әлі іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 1998 жылғы Елизавета Матюхина 3 сәуірде жоғалып кеткен. Бойжеткен күндіз он екілер шамасында Уәлиханов көшесінде орналасқан үйден шығып, сол күйі оралмаған.

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской областиПолиция 22 жастағы Елизавета Матюхинаны іздеп жатыр
Петропавлда 22 жастағы қыз тоғыз күннен бері табылмай жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2021
Полиция 22 жастағы Елизавета Матюхинаны іздеп жатыр

Қыздың белгілері: арықша келген, бойы шамамен 166 см, шашы ұзын, қызғылт-қоңыр түсті, көзі қоңыр түсті. Жоғалған күні үстінде капюшоны бар қара куртка, қою көк түсті шалбар, аяғында көк түсті галош болған.

Полиция қыз туралы қандай бір ақпарат білетін адамдардан 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Хабар-ошарсыз кеткен тұрғынды еріктілер де іздестіріп жатыр.

"Бүгін Елизаветаны іздеу жұмыстарын тағы жалғастырдық. Көптеген ауданды араладық, тұрғындардан сұрастырдық, хабар бердік. Кімде кім Лизаға ұқсайтын қызды кездестірсе, бірден хабарласуды өтінеміз", - деді еріктілер әлеуметтік желіде.

Қыздың белгілері көрсетілген қағаздар қаланың бүкіл көшелеріне ілінді.

Жаңалықтар
0